Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Тәжікстанда соғыс аймағынан қайтарылған балаларды туыстарына беруге уақытша тыйым салынған

НҰР-СҰЛТАН, 20 шілде.  Иракта соғыс аймағынан әкелінген балаларға туыстарымен кездесуге уақытша тыйым салынды. Бұл жөнінде Тәжікстанның Балалар құқығы бойынша уәкілі Мижгоан Бобожонзода хабарлады, деп centralasian.org жазады. 

Оның сөзінше, екі жыл бұрын әкелінген балалар мектеп-интернатта оқып жатыр. Бірақ олардың қашан туыстарына берілетіні белгісіз.

«Қазір тиісті мекемелер бұл мәселені шешіп жатыр», — деді Мижгоан Бобожонзода.

Құқық қорғаушы Үмүт Бобозода балалардың мемлекет қамқорлығында болғаны жақсы дейді.

«Балалар соғыс жүрген аумақтан келді. Олардың басынан көп қиындық өтті. Олар тәжік тілін білмейді. Қазір үйреніп жатыр», — деді ол.

Расталмаған ақпарат бойынша, балалар туыстарына Тәуелсіздік мейрамынан кейін қайтарылады.

2019 жылдың 30 сәуірінде Ирактағы соғыс аймағынан 84 тәжікстандық жеткізілген.

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон 9 сәуірде Сириядан 500 тәжікстандық әйел мен бала қайтарылғанын мәлімдеген.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *