Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

«Талибанның» ықпалы күшейтіп жатқанына байланысты Түркіменстанда діни әдебиеттер тәркіленіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде.  Түркіменстанның Лебап уәлаятында Ұлттық қауіпсіздік министрлік (ҰҚМ) қызметкерлері азаматтардың үйіне рейд жүргізіп, діни кітаптар тәркілеп жатыр, деп centralasian.org хабарлайды.

Азаттықтың түркімен қызметі тілшілерінің хабарлауынша, бұл күндері Дянев, Дарганат, Сейди және Газоджак қалаларында да дәл осындай жағдай орын алып жатыр.

Ақпаратқа қарағанда, арнайы қызмет өкілдері Құран кітабынан басқа діни кітаптардың бәрін алып кетіп жатыр.

Лебап ауданында рейд Құрбан айт күндері жүрген. Тұрғындардың айтуынша, ҰҚМ өкілдері үйлерді тінту кезінде алдымен діни кітаптардың бар-жоғын сұраған.

Көрші Ауғанстанда «Талибан» қозғалысы ықпалын күшейтіп жатқанда, Түркіменстанда бұл ұйымның жақтастары белсенділігін арттыруы мүмкін деген хабар тарап жатыр.

Түркіменстан Конституциясында азаматтарға діни-сенім бостандығына кепілдік берілетіні жазылған.

АҚШ мемлекеттік департаментінің әлемдегі діни-сенім бостандығы ахуалы жөніндегі жыл сайынғы есебінде Түркіменстан адам құқықтарын жүйелі бұзатын елдер тізімінде тұрады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *