Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде.  Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Сирияда «Эвфрат калканы» операциясы аймағында шейіт болған екі әскердің өші алынғанын, 12 террористің залалсыздандырылғанын хабарлады, деп TRT жазады.

Министр Акар Бас Штаб төрағасы генерал Яшар Гүлер және Құрлық Күштері қолбасшысы генерал Үміт Дүндармен бірге Сирияның солтүстігіндегі  жасақтардың тасымал және әкімшілік шекара желісінде бақылау мен зерттеу жүргізді.

Шекара сыртындағы жасақтардың қолбасшыларымен кездескен және майдандағы жағдайды ұғысқан Акар бұйрықтар берді.

Террористердің «Эвфрат калканы» операциясы аймағында екі әскерді шейіт еткенін ескерткен Акар:

«Шәйіттеріміздің қанын босқа ағызбаймыз, операция жасадық, қазірге дейін 12 террорист залалсыздандырылды. Бұл  сан алдағы кезде артады» деді.

Хулуси Акар:

«2015 жылы 24 шілдеден бері 18 мың 292 террорист залалсыздандырылды. Биыл Ирактың солтүстігінде 1581 террорист залалсыздандырылды. Соңғы террорист жойылғанға дейін күресті жалғастырамыз» деп көрсетті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *