Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

БАҚ: Ирактың солтүстігіндегі ИМ содырларының шабуылынан жеті адам қаза тапты

НҰР-СҰЛТАН, 31 шілде.  Ирактың солтүстігінде жерлеу рәсімі кезінде жасалған қарулы шабуылда кемінде жеті адам қаза тауып, 17 адам жараланды. Бұл туралы жергілікті Al Sumaria телеарнасына сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.

Телеарнаның хабарлауынша, шабуыл Салах-эд-Дин провинциясындағы Ясриб қаласының жанында (Бағдадтан солтүстікке қарай 45 км) «Ислам мемлекеті» террористік тобымен (ИМ, ҚР-да тыйым салынған) байланысты құрылымдардың содырлары жасаған.

Салттық қызмет көрсететін ұйым көлігі шабуылға ұшырады. Қаза болғандардың арасында осы ұйымның қызметкерлері, бейбіт тұрғындар, сондай-ақ Ирак қауіпсіздік қызметінің өкілдері бар.

Жергілікті билік оқиғаға қатысты тергеу басталғанын жариялап, «кінәлілерді тезірек тауып, жазалауға» уәде берді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *