Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Халықаралық террористік ұйымға жәрдемдескені үшін Красноярск өлкесінің тұрғыны 12 жылға сотталды

НҰР-СҰЛТАН, 05 тамыз. Красноярск өлкесінің тұрғыны Ресейде тыйым салынған «Катиба Таухид валь-Джихад» халықаралық террористік ұйымын қолдағаны үшін 12 жылға қатаң режимдегі колонияға сотталды. Бұл туралы бейсенбі күні ФҚҚ аймақтық басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.

«Бірінші Шығыс аудандық әскери соты Красноярск тұрғынын айып тағылған істі жасағаны үшін  кінәлі деп тауып қатаң режимдегі колонияда 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады», — деп хабарлады ФҚҚ.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, красноярлық «Катиба Таухид валь-Джихад» құрамында соғыс қимылдарына қатысатын адамдарға қаржылай көмек көрсету үшін бір жылға жуық террористердің сыбайластарына ақша аударған. Сондай -ақ, ол қаланың тағы бір тұрғынын содырлар қатарына қосылу үшін  Сирияға кетуге көндірген. 2020 жылдың соңында ол террористердің жағында қарулы қақтығыстарға қатысу үшін шетелге ұшпақшы болғанда ФҚҚ қызметкерлерімен ұсталды .

Оған қатысты Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 205.3 бабы («Террористік әрекеттерді жүзеге асыру мақсатында дайындықтан өту») және 205.1 бабының 1.1 бөлігі («Террористік әрекеттерге жәрдемдесу») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *