Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Атырауда есірткі сатпақ болған полицейлер 7 жылға бас бостандығынан айырылды

АТЫРАУ, 06 тамыз. Атырауда есірткі сатып алып, заңсыз сақтаған және тасымалдаған екі полицейге қатысты үкім шықты. Олардың әрқайсысы 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп Sputnik Kazakhstan  хабарлайды.

Әкімшілік полицияның техникалық қадағалау бөлімінің майор және капитан шенді қызметкерлері 14 ақпанда ұсталған болатын. 36 және 38 жастағы тәртіп сақшыларын тінту барысында мотоцикл дөңгелегінің сыртқы резеңкесіне жасырылған марихуана табылды», деп жазды «Ақ Жайық».

Сотта мәлім болғандай, полицейлер күдіктінің ісінен Алматыда бір килограмм марихуананы 160 мың теңгеден сатып алуға мүмкіндік бар екенін біліп алады. Көлеңкелі нарықта есірткі бұдан бірнеше есе қымбат тұрады. 18 қаңтарда атыраулық полицейлер осы соманы сатушыға терминал арқылы аударған, ал 14 ақпанда Атырау–Доссор тас жолында ұсталды.

Сотқа дейінгі тергеу Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлімі 4-тармақшасы «Лауазымды адам қызмет бабын пайдалана отырып, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау» бойынша жүргізілді.

Бейсенбі Атыраудағы №2 қалалық сот өңірлік полиция департаментінің қызметкерлеріне үкім шығарды. Қос полицей де кінәлі деп танылып, олардың әрқайсысына жеті жылға бас бостандығынан және барлық шенінен айыру жазасы тағайындалды.

Судья сотталушылардың ауыр қылмысты ант қабылдаған және құқық қорғау органдары қызметкерлері бола тұра жасауын жазаны ауырлататын жағдай ретінде қарастырды.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *