Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Түркістанда полицейлер мен еріктілер 40-тан астам есірткі жарнамасын өшірді

ТҮРКІСТАН, 06 тамыз. Түркістан облысында 40 есірткі жарнамасы өшірілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері заңмен тыйым салынған есірткі заттарын пайдалану, сақтау, өсіру, сату сынды қылмыстардың алдын алып, болдырмау мақсатында үздіксіз жұмыстар жүргізуде. Осындай кезекті шара барысында ТО ПД ЕҚҚІҚБ бастамасымен Жастар орталығы жанындағы еріктілермен бірге шара ұйымдастырды.

Іс-шара барысында Түркістан қаласындағы орталық көшелер мен ғимараттардың қабырғаларынан синтетикалық есірткілердің жарнамаларының граффити-жазбаларын өшіру және алып тастау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 40 есірткі жазбасы өшірілді.

Сондай-ақ есірткі жарнамалары жарияланған аумақтар УПИ шақырылып, оларға есірткілердің жарнамасын жасау жайттарына байланысты жұмысты күшейтуді және кінәлі азаматтарды ҚР ҚК-нің 299-1-бабы (Есірткі, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау) бойынша жауапкершілікке тарту туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *