Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

ДАИШ содырлары өздерін Ирак әскерилері атынан көрсетіп 5 тұрғынды ұрлап әкетті

НҰР-СҰЛТАН, 08 тамыз.  ДАИШ террористік ұйымының содырлары сенбіге қараған түні Ирактың көлемі бойынша екінші қаласы-Мосулға апаратын жолдардың бірінде «бақылау бекетін» орнатты, деп хабарлайды Анадолу агенттігі.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, Ирак әскерилерінің формасын киген лаңкестер Махмур ауданында көліктерді тоқтатып, көліктерге оқ жаудырған. Бес адам ұрлап әкетті, үшеуі жарақат алды.

2014 жылдың маусым айында ДАИШ лаңкестері Мосул қаласын, Салахаддин мен Әл-Анбар провинцияларын, сондай-ақ Дияла мен Киркук провинцияларының бір бөлігін басып алды. Келесі жылдары бұл аймақтар лаңкестерден азат етілді.

Ирактың бұрынғы премьер-министрі Хайдар әл-Ибади 2017 жылдың 9 желтоқсанында ДАИШ-ты жеңгенін жариялады.

Төрт жылдан кейін ДАИШ лаңкестері өздерінің қылмыстық әрекеттерін Ирак аймақтарында жалғастыруда.

 

* ДАИШ (ИМ) — Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *