Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

НҰР-СҰЛТАН, 09  тамыз. Ауғанстанда Талибан Тәжікстан шекарасындағы Кундуз уәлаятының кейбір аймақтарын басып алды, шыққан қақтығыста 11 бейбіт тұрғын қаза тауып, 41 адам жараланды, деп TRT хабарлайды. 

Кундуз Қалалық кеңесі төрағасы Мухаммед Юсуф Аййюби мәлімдеме жасап, содырлардың жұма күні кешке шабуылдарын күшейтіп, провинция орталығына қарай ілгерілеуін жалғастырғанын айтты.

Талибанның уәлаят орталығының кейбір аймақтарын басып алғанын және қақтығыстардың полиция штабы жанында жалғасқанын мәлімдеді.

Кундуз уәлаятының Денсаулық сақтау директоры Ихсанулла Фазли 11 бейбіт адамның қаза тапқанын және 10-ы ауыр күйде 41 адамның жараланғанын атап көрсетті.

Талибан жасаған мәлімдемеде болса содырлардың уәлаят орталығының көптеген аймағын бақылауға  алғаны алға тартылды.

Талибан содырлары елдің солтүстігінде стратегиялық маңызға ие Джузджан уәлаятының орталығы Шибирган қаласын басып алған Иран шекарасындағы Нимруз уәлаят орталығын бақылауға алған болатын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *