Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Австралия полициясы құны $24 млн астам есірткі тәркіледі

НҰР-СҰЛТАН, 14 тамыз.Жаңа Оңтүстік Уэльс штатының полициясы жасырын есірткі зертханасын жойып, құны 24 миллион доллардан асатын метиламфетамин мен кокаиннің партиясын тәркіледі.Жеті адам есірткінің заңсыз айналымы үшін айыпталып қамауға алынды, деп хабарлайды ТАСС .

 «Есірткіге қарсы күрес бөлімінің детективтері жасырын зертхананың қызметі тоқтатылған арнайы операциядан кейін жеті ер адамға айып тақты. Тінту кезінде полицейлер жалпы сомасы 33 миллион австралиялық доллар ($24,3 млн) 150 кг метиламфетамин мен 14 кг кокаинді, сондай -ақ 1,5 миллион австралиялық доллар ($1,1 млн) қолма-қол ақша және есірткі өндірісіне қажет химиялық заттардың көп мөлшерін тәркіледі», — делінген департаменттің хабарламасында.

Ұсталғандардың барлығына есірткінің заңсыз айналымы және қылмыстық топты ұйымдастыру бойынша айып тағылды, ал тұтқындалғандардың бірі Австралияның көші-қон заңнамасын бұзды деген айыппен жауапқа тартылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *