Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Еуропалық Одақ Талибанмен байланыс орнатуға дайын екенін мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 18 тамыз. Еуропа Одағы Сыртқы байланыстар және қауіпсіздік саясаты жоғары комиссары Джозеп Боррель «Ауғанстанда Талибан соғыстан жеңіспен шықты және олармен сөйлесуіміз керек» деді.Бұл туралы TRT хабарлайды.

Боррель ЕО Сыртқы істер министрлерінің кезектен тыс видео конференция жиналысынан кейін мәлімдеме жасады.  «Талибан соғыстан жеңіп шықты және олармен сөйлесуіміз керек» деді ол.  Ол Талибанның адам құқықтары және БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі резолюцияларына үйлесімділік көрсету үшін маневр күштерін қолданатындарын атап көрсетті.

ЕО өкілі ауған халқына қолдауды жалғастыратындарын айтып, мұның Талибанды мойындау деген мағынаға келіп келмейтіні туралы сұраққа «Бұл ресми тану емес, шешу керек деген мағынаға келеді» деп жауап берді.

Ол басымдықтарының ЕО азаматтары және Еуропа Одағымен 20 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан ауғандардың эвакуациясы екенін айтып: «Егер Ауғанстаннан кеткісі келсе оларды тастап кете алмаймыз.  Оларды алу үшін барлық нәрсені жасаймыз» деді.

Боррель аталмыш 400 кісінің артынан виза беретін ЕО елдеріне таратылатынын білдірді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *