Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ауғанстан Қорғаныс министрлігі: Қарсылас күштері Бағлан провинциясындағы үш ауданды Талибаннан қайтарып алды

НҰР-СҰЛТАН, 21 тамыз. Ауғанстанның бұрынғы қорғаныс министрі Бисмиллах Хан Мохаммади қарсылық күштері Бағлан провинциясының солтүстік -шығысындағы үш ауданды Талибаннан қайтарып алғанын айтты, деп ӨзА хабарлайды. 

Талибанға қарсы тұру — менің борышым. Бағланның Пули-Хесар, Дех-Салах және Бану аудандарын жергілікті қарсылық күштері басып алды. Қарсылық әлі де тір », — деп жазды генерал өзінің Twitter-дегі парақшасында.

РИА Новости-дің хабарлауынша, қарсыласушы күштер Бағлан провинциясының аудандарын бақылауға алу үшін шайқаста талибтердің ондаған содырын өлтірген және жаралаған.

Соңғы апталарда Ауғанстандағы жағдай күрделене түсіп, жексенбі күні БАҚ пен ақпарат көздері Талибан күштері шекараның барлық өткелдерін және сол күні содырлар Кабулға кіріп, президент сарайын бақылауға алғанын хабарлады. Ауғанстан президенті Ашраф Ғани «қырғынды болдырмау үшін» елден кеткенін жария еткен болса, дүйсенбіге қараған түні Талибанның саяси кеңсесінің өкілі Мохаммад Наим Ауғанстандағы соғыс аяқталғанын жариялаған еді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *