Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Сарапшылар тәліптердің билігі ұзаққа бармайтынын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 22 тамыз. Тәліптер тығырыққа тірелді. Қаруы бар «Талибанның» қаржысы жоқ. Енді олар әлемдік қауымдастықтан ақша сұрап отыр, деп  Хабар 24 сілтеме жасап ERNUR.KZ хабарлайды.

Ал сарапшылар тәліптердің билігі ұзаққа бармайтынын айтады. Ал «Талибанды» террорлық ұйым қатарына қосқан Біріккен ұлттар ұйымы келіссөзге дайын екенін жеткізді.

Ауғанстан көмекке мұқтаж. Ұзаққа созылған соғыстан кейін елді қалпына келтіру керек. Кеше Катарда «Талибан» өкілі China Global Television Network телеарнасына осылай сұхбат берді. Әңгіме барысында Сухайль Шахинь қазір Ауғанстанның әсіресе денсаулық сақтау, білім беру және инфрақұрылым салаларына шұғыл көмек қажет екенін айтты. Шахин сондай-ақ америкалықтардың 9,5 миллиард долларға бұғаттап тастаған активтері ауған халқына тиесілі екенін жеткізді. Оның айтуынша, қомақты ақша қалпына келтіру жұмыстарына жұмсалуы керек.

— Ауған халқы өзге елдердің көмегіне мұқтаж. Әлем елдері денсаулық сақтау, білім беру, инфрақұрылым салалары бойынша қол ұшын созғанын қалаймыз. Осы бір қиын да күрделі кезеңде әлемнің кез келген мемлекетін елге келуге шақырамыз, — дейді «Талибан» қозғалысының Катардағы саяси басқармасының баспасөз хатшысы Сухайль Шахин.

Жалпы тәліптердің айтуынша, «Талибан» өзге елдермен жақсы қарым-қатынас орнатуды көздейді. Сонымен қатар сыртқы күштердің шабуыл жасауына мүмкіндік бермеу де басты мақсаттардың бірі.

— Біз мықты экономиканы, сауда-саттықты, дипломатияны қалаймыз. Бірақ құндылықтарымыздың тиісті деңгейде бағаланғанын да қалаймыз. Соңғы 102 жылдың ішінде біз әлемге үшінші рет біздің ел құлға айналмайтынын көрсетіп отырмыз. Америка, Еуропа және басқа мемлекеттерге қояр талабымыз – бізбен саяси тұрғыда келісімге келсін. Күш қолданғысы келетіндермен мүлде сөйлеспейміз, қолымыздағы қаруды тастамаймыз. Біз кез келген озық технологиядан асып түсеміз, — дейді «Талибан» қозғалысының ресми өкілі Забинулла Муджахид.

Осы тұста Ауғанстанның жоғары лауазымды шенеуніктері не дейді? Олардың айтуынша, «Талибан» бұрынғы қателіктерін қайталар болса, үкіметте ұзаққа тұрмайды. Таяуда Исламабадта Пәкістан премьер-министрімен және үкіметтің басқа да мүшелерімен кездескен Ауғанстан делегациясы тәліптерге осындай ескерту жасады. «Тәліптердікі тек құрғақ сөз ғана. «Талибанның» расымен де, өзгергеніне көз жеткізу үшін шамалы күту керек», — дейді олар.

— «Талибан» Ауғанстанды күшпен басқара алмайды. Билікті күшпен басып алып, ауған жеріне белгілі бір уақыт иелік етуі мүмкін. Бірақ ол ұзаққа созылмайды. Ауғанстанда тұратын түрлі этностарды, елдің мәдениетін әйелдер мен бала құқығын құрметтесе, түбі жеңіліп, елден қуылады. Қазір «Талибан» не айтса да, ол жай ғана сөз күйінде қалып отыр. Атқарылып жатқан бір іс жоқ. Жалпы өз басым тәліптер өзгерді дегенге сенбеймін. Оған күмәнім бар, — дейді Ауғанстандағы белгілі саясаткер Атта Мұхаммед Нұрдың ұлы Халид Нұр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *