Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Нигерияда 23 адам қарулы шабуылдардың құрбаны болды

НҰР-СҰЛТАН, 23 тамыз. Нигерияның Катсина және Кадуна уәлаяттарында куәлігі белгісіз қарулы адамдар тарапынан ұйымдастырылған шабуылда  23 адам қаза тапты, деп TRT хабарлайды. 

Катсина қауіпсіздік басқармасы төрағасы Гамбо Иса жасаған мәлімдемесінде мотоциклды қарулы шабуылдаушылардың уәлаяттың Басари аймағындағы Дуба ауылына шабуыл жасағанын білдірді. Иса шабуылда 14 адамның мерт болғанын, 6 адамның жарақат алғанын баяндады.

Кадуна уәлаяты қауіпсіздік және ішкі істерге жауапты басшысы Самануэль Аруван жасаған мәлімдемесінде уәлаяттың Зангон Катаф аймағында ұйымдастырылған шабуылда 9 адамның қаза тапқанын, көптеген адамның жарақат алғанын хабарлады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *