Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ауғанстанды басқару үшін«Талибан»  12 адамнан тұратын кеңес құрады 

НҰР-СҰЛТАН, 24 тамыз. «Талибан» радикалдық қозғалысының басшысылығы Ауғанстанды басқару үшін кеңес құруға ниетті, оған 12 адам кіреді, соның ішінде елдің бұрынғы үкіметінің бірнеше мүшесі де кіреді. Бұл туралы дүйсенбі күні қозғалыс көшбасшыларына жақын дереккөздерге сілтеме жасап Foreign Policy журналы жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Мәліметтерге сәйкес, кеңесте ең беделді үш адам – «Талибан» саяси қанатының көшбасшысы Абдул Ғани Барадар, «Талибан» әскери комиссиясының басшысы Моулави Якуб және «Хаккани желісі» диверсиялық топтың дала командирі және басшысы Сираджуддин Хаккани.

Басылымның атап өтуінше, тәліптер Ауғанстанда президент немесе қандай да бір көшбасшы қызметін орнатқысы келмейді. Бұл ретте олар елдің бұрынғы үкімет мүшелеріне өз таңдауы бойынша жаңа кабинетте министрлік қызмет ұсынуға ниетті. «Талибан» халықаралық қауымдастықтың мойындау мүмкіндігін арттыру үшін осылайша инклюзивті көрінетін үкімет құрмақ.

Барадар және Якубқа жақын дереккөз мәліметінше, тәліптер басқарушы үкімет құрамында танымал дала командирі Ахмад Шах Масудтың (1953-2001) баласы, «Панджер арыстаны» лақап атымен танымал, кезінде Солтүстік альянс көшбасшысы болған Ахмад Масудты да көргісі келеді. Алайда, басылымның атап өтуінше, бұл екіталай, себебі Масуд қазіргі кезде Панджер провинциясында жүрген тәліптерге қарсылық көрсету күштерін басқарды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *