Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

АҚШ Ауғанстандағы ДАИШ содырларына қарсы арнайы операция өткізді

НҰР-СҰЛТАН, 28 тамыз. Америка Құрама Штаттары 26 тамыз бейсенбі күні  Кабулдағы Хамид Карзай Халықаралық әуежайы маңында лаңкестік шабуыл жасаған  ДАИШ/Хорасанға қарсы Ауғанстанда әуе операциясы ұйымдастырғанын хабарлады, деп TRT хабарлайды. 

АҚШ Орталық күштер қолбасшылығы (CENTCOM) мәлімдемешісі полковник Билл Урбан жасаған жазбаша мәлімдемесінде «АҚШ Қарулы Күштері бір ДАИШ/Хорасан басшысына қарсы операция жасады» деген сөзддер қолданды.

Аталмыш операцияның Ауғанстанның Нангахар уәлятында ұшқышсыз әуе аппарытымен жасағанын түсіндірген Урбан «Алғашқы белгілеуге қарағанда көздегенді залалсыздандырдық» деген сөздер қолданды.

Еске сала кетейік, Ауғанстанның астанасы Кабулдағы Хамид Карзай Халықаралық әуежайы маңында кеше үш бөлек жарылыс болған еді. Жарылыста 13 АҚШ әскері және 170-ден астам адам қаза тапқан болатын.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *