Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

НҰР-СҰЛТАН, 29 тамыз. Ауғанстан астанасындағы Кабул әуежайының маңында жарылыс болды. Бұл туралы ҚазАқпарат ВВС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауына қарағанда, әлеуметтік желіде жаралыстан туындаған қара түтіннің көкке қалай көтерілгенін көрсететін бейнелер тараған. Денсаулық сақтау министрлігінің қызметкері БАҚ өкілдеріне қалада жарылыс болғанын растады.

Зардап шеккендер мен оқиғаның себептері туралы әлі нақты ақпарат жоқ. ВВС агенттігі Денсаулық сақтау министрлігінің дерегіне сүйеніп, жарылыс зымыран дүмпуінен туындады деген болжам жасап отыр.

Зымыран әуежайдың жанындағы үйге түскен. Бірақ әуежайға қауіпті әсері болмаған.

Рейтер агенттігі АҚШ-тың ресми адамдарына сілтеме жасап, зымыранды АҚШ әскери күштері тастады деген ақпарат таратты.

Ал Associated Press агенттігі америкалықтар зымыранды Кабул әуежайына өзін жарып жіберу үшін кірмек болған адамның көлігіне тастағанын жазып жатыр.

Еске салсақ, осыдан 3 күн бұрын Кабул әуежайының ғимаратында жарылыс болған еді.

«Біз Кабул әуежайы маңындағы жарылысты растай аламыз. Қазіргі уақытта құрбан болғандар саны белгісіз. Біз қосымша хабарлаймыз», — деді Пентагон өкілі Джон Кирби Твиттерде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *