Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Крайстчерч әуежайы жарылыс қаупіне байланысты екі сағатқа эвакуацияланды

НҰР-СҰЛТАН, 09 қыркүйек. Жаңа Зеландияның Крайстчерч қаласындағы әуежай жарылыс қаупіне байланысты бейсенбі күні эвакуациаланды. Бұл туралы елдің полиция департаментіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.

Полицияның мәліметінше, терминалға кіре берістегі бақылау -өткізу пунктінде қалдырылған сөмкеден жарылғыш затқа ұқсас күдікті зат табылған.

 «Ішкі рейстердің терминалы сақтық шарасы ретінде эвакуацияланды. Жұмысқа Жаңа Зеландия Қорғаныс министрлігінің жарылғыш заттарды жоюға арналған арнайы бөлімшесі тартылды. Полиция бұл оқиғаға байланысты екі адамнан жауап алып жатыр», — делінген министрліктің хабарламасында.

Radio New Zealand радиосының хабарлауынша, әуежай қызметі екі сағатқа тоқтатылған. Жаңа Зеландия қалаларына бірнеше рейстер кейінге қалдырылды.

Полиция әуежай қауіпсіздігіне ешқандай қауіп жоқ екенін түсіндірді. Оқиғаның мән -жайы анықталуда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *