Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Мьянма орталығында болған жарылыстан екі адам қаза тапты

НҰР-СҰЛТАН, 14 қыркүйек. Мьянманың орталығындағы коронавирусқа тексеру пункттерінің бірінде бомбаның жарылуы салдарынан екі адам қаза тауып, тағы төрт адам жарақат алды. Бұл туралы «Синьхуа» агенттігіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды, деп «Терроризмге қарсы комитеттің» ресми сайты жазады.

Жарылыс Мандалай қаласының маңындағы Аунмьетазан елді мекенінде болды. Қаза болғандар мен жараланғандардың арасында Мьянма қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері де, бейбіт тұрғындар да бар. Зардап шеккендер жергілікті әскери госпитальға жіберілді.

Полиция жарылысты ұйымдастырған күдіктілерді іздеуде.

Бұған дейін хабарланғандай, демалыс күндері азаматтық қарсылық күштері ұйымдастырған екі шабуылынан Чин штатында және Магуэй аймағында 50 -ге жуық Мьянма әскерилері мен полицейлері қаза тапты.

Мьянма әскери қолбасшылығы 1 ақпанда бір жылға төтенше жағдай енгізілгенін және елдің азаматтық басшылығының қызметінен босатылғанын жариялаған. Армия өкілдері мұны 2020 жылдың қараша айында өткен жалпы парламенттік сайлауда болған ірі алаяқтықпен байланыстырды. Ақпан айының басынан бері елде наразылық акциялары жалғасуда, нәтижесінде мыңнан астам адам қаза тапты.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *