Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

«Бала трамадолды пайдаланса да, ата-ана байқамауы мүмкін…»: полиция ата-аналарды аса сақ болуға үндеді

НҰР-СҰЛТАН, 14 қыркүйек. Дәріханаларда сатылатын дәрі-дәрмектің түрі көп. Кейбірінің құрамында есірткі бар. Кез келген дәріні мөлшерінен тыс қолданса, адам есінен танады, деп есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірхановқа сілтеме жасап Айқын порталы хабарлайды.

«Соның ішінде ең қауіптісі – трамадол препараты, синтетикалық героин. Осыдан нашақорлық басталады. Трамадолға тәуелді адамды бірден анықтау қиын. Нашақор тұмаумен ауырғандай күйде жүре береді. Бала препаратты пайдаланса да, ата-ана байқамауы мүмкін», – деді Бақытжан Әмірханов.

Тропикамид, Цикломед сияқты дәрілерді де есірткі орнына пайдаланатындар кездеседі.

Сондықтан биыл маусым айында Үкімет қаулысымен ол препараттарды күшті әсері бар заттар тізіміне қосты. Сол себепті, енді полицейлер бұл дәрілердің заңсыз айналымы үшін сатқан адамды да, пайдаланушыны да жауапқа тарта алады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *