Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Сирияның солтүстігінде көліктің жарылуы салдарынан 7 бейбіт тұрғын жарақат алды

НҰР-СҰЛТАН, 17 қыркүйек. Сирияның солтүстігіндегі Баб ауданында бомба тиелген көліктің жарылуы салдарынан 7 бейбіт тұрғын жарақат алды,деп TRT хабарлайды.

«Евфрат қалқаны» операциясымен террордан тазартылған Баб ауданының Земзем аумағында бір көлікке орналастырылған бомба жарылды.

Террор шабуылында 7 адам жараланды.

Жараланғандар ауруханаға жеткізілгенде, өрт сөндірушілер жарылыстан кейін шыққан өртті сөндірді.

Оқиға орнында тергеу жүргізген жергілікті қауіпсіздік күштері шабуылдың террор ұйымы КЖП (YPG/PKK) тарапынан ұйымдастырылғанын болжауда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *