Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

НҰР-СҰЛТАН, 18 қыркүйек. Ауғанстан астанасы Кабулда және Нангархар провинциясындағы Джалалабад қаласында жарылыс болды, зардап шеккендер бар, деп РИА Новостиге сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

Қауіпсіздік күштеріндегі дереккөздің хабарлауынша, Кабулдағы алғашқы жарылыс Даште-Барчи аймағында болды, зардап шеккендер бар. Екінші жарылыс 13 -ші ауданның Ирфани Харрготи аймағында болды, зардап шеккендер туралы әлі ақпарат жоқ.

Ауғанстанның Нангархар провинциясындағы Джалалабад қаласында болған жарылыстан жараланғандар саны 18 -ге жетті, үш адам қаза тапты, деп дереккөзге сілтеме жасап Shamshad News телеарнасы хабарлайды.

Сонымен қатар, провинцияның ақпарат және мәдениет басқармасы жарылыс салдарынан ешкім зардап шекпегенін хабарлады.

Тамыз айының басында «Талибан» * Ауғанстан үкіметтік күштеріне қарсы шабуылдарын күшейтіп,  15 тамызда Кабулға кіріп, келесі күні соғыстың аяқталғанын хабарлады . Тамыз айының соңғы екі аптасында АҚШ әскерилерінің қорғауында болған Кабул әуежайынан Батыс елдерінің азаматтары мен олармен жұмыс жасаған ауғандықтарды жаппай көшіру болды. 31 тамызға қараған түні АҚШ әскерилері Кабул әуежайынан шығып, АҚШ-тың Ауғанстандағы 20 жылға жуық әскери күшін тоқтатты.

Алтыншы қыркүйекте тәлібтер Ауғанстанның 34 провинциясының соңғысы Панджшер олардың бақылауына өткенін мәлімдеді. Келесі күні Ауғанстанның уақытша үкіметінің құрамы жарияланды, оны «Талибанның»* бірінші билігі кезінде сыртқы істер министрі болған және 2001 жылдан бастап БҰҰ санкцияларына ұшыраған Мохаммад Хасан Ахунд басқарды.

* Қазақстан Республикасында тыйым салынған террористік ұйым

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *