Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек. Ішкі істер министрлігінің координациясымен жүргізілген көндіру жұмыстары нәтижесінде КЖП сепаратистік террорлық ұйым (PKK-дан)  қашқан бес террорист бүгін қауіпсіздік күштеріне берілді, деп TRT хабарлайды.

Берілген террористтер 1999 жылы мен 2016 жылдар арасында террорлық ұйымға қосылған, Ирак және Сирияда лаңкестіктерге қатысқан.

Биыл өздігінен берілген террорист саны осылайша 151-ге жетті.

Сонымен қатар Ирактың солтүстігінде «Пенче-Шимшек» операциялық аймағында үш террорист залалсыздандырылды.

Бұл туралы Ұлттық Қорғаныс министрлігі хабарлады. Хабарламада «Қаһарман Түрік Қарулы күштері Ирактың солтүстігіндегі террор індерін жоюды жалғастыруда.  «Пенче-Шимшек» операциялық аймағында анықталған 3 террорист ATAK тікұшақтары тарапынан залалсыздандырылды» деп айтылды.

Сиирттің Первари ауданында кеше залалсыздандырылған бес террористің бірі іздеу салынғандар тізімінде қызғыл сары категорияда орын алған террорист болып шықты. Ол Ботан уәлаяты Херекол аймағында жауапты болған, терроризмнен іздеу салынғандар тізімінде басына 1 миллион лира бәйге тігілген қызғыл сары категориясында орын алған Мазлум Мат болып шықты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *