Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Өзбекстанда «Хизб-ут тахрир» ұйымына қатысы бар деген 12 күдікті ұсталды

НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек. Ташкенттің Юнусабад ауданында «Хизб-ут тахрир» діни экстремистік ұйымына қатысы бар деген күдікпен 12 адам ұсталды. Бұл туралы Ташкент қалалық ішкі істер басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап Орталық Азия жаңалықтар қызметі хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, олар Украинада жасырынып жүрген қырғызстандық Махмуджон Холдаров атты азаматпен интернет арқылы байланысып, оның идеялық ықпалымен экстремистік әрекеттермен айналысқан.

«Олар халық арасында «Хизб-ут тахрир» ұйымының материалдарын және Холдаровтың лекцияларын тыңдап, оның тапсырмасымен қатарына жаңа мүшелер тартқан. Бұдан бөлек олар тұрақты негізде Өзбекстанда халифат құру идеясын насихаттап келген», — делінген мәлімдемеде.

Олар тұрған үйге тінту жүргізген кезде ұялы телефондарынан «Хизб-ут тахрир» ұйымының экстремистік бағыттағы материалдар мен әдебиеттер табылған.

16 қыркүйекте Ташкенттің Алмазар ауданында «Хизб-ут тахрирдің» қызметіне араласқан 10 адам ұсталғаны хабарланған.

Қыркүйектің басында Өзбекстанның ішкі істер министрлігі Ташкент облысында «Хизб-ут тахрир» ұйымының идеяларын насихаттау айыбымен 29 әйелдің ұсталғанын мәлімдеген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *