Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

ШҚО аса ірі мөлшерде есірткі заттарын сақтаған тұрғын ұсталды

ӨСКЕМЕН, 21 қыркүйек. Көлігінде аса ірі мөлшерде есірткі заттарын сақтаған 25 жастағы ШҚО тұрғыны ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 1 маусымынан 31 қазаны аралығында Шығыс Қазақстан облысының аумағында есірткі затын тасу және тасымалдау фактілерін анықтау және жолын кесуге бағытталған “Қарасора” жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

ЖААШ өткізу барысында Алтай ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері технологиялық трассада өзінің Nissan автокөлігінде аса ірі мөлшерде есірткі заттарын сақтаған 25 жастағы қала тұрғынын ұстады.

Криминалдық полиция қызметкерлері фольгамен оралған және ақ түсті ұнтағы бар изолентамен бекітілген 115 полиэтилен пакеттерін, 2 қара түсті сөмке, фольга, 1 медициналық қолғап, екі ұялы телефон мен құжаттарды тәркіледі.

Сот-химиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес зерттеуге ұсынылған ақ-сарғыш түсті ұнтақ тәрізді заттар a – пирролидиналерофенонның психотроптық заты болып табылады. Жалпы салмағы-51,72 гр. Зерттеуге ұсынылған ақ-сарғыш түсті ұнтақ тәрізді заттардың құрамында мефедрон-меткатинон психотроптық затының аналогы бар. Мефедронның жалпы салмағы – 14,48 гр.

Алтай қаласының тұрғыны осы технологиялық трассаның маңында бірнеше рет есірткіні қойып кету жолымен  таратқаны анықталды, тауарды кезекті рет жеткізу барысында оны жедел уәкілдер қолға түсірді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді аса ірі мөлшерде өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясына сәйкес үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *