Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Үндістан портында Ауғанстаннан келген үш тоннаға жуық героин тәркіленді

НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек. Үндістандағы контрабандаға қарсы күрес қызметінің қызметкерлері Гуджарат портындағы ауқымды операция аясында құны 2,7 миллиард доллар болатын үш тоннаға жуық героин тәркіледі, деп жазады ВВС news .

Тальк деп келген тауар Ауғанстаннан Иранның Бендер-Аббас порты арқылы жеткізілді.

Үндістанның салық барлау басқармасы (DRI) Үндістанға бара жатқан жүктің құрамында есірткі бар деген хабар алды.

Барлау қызметінің мәліметінше, тауарды үнділік компания елдің оңтүстігіндегі Виджаявада қаласынан әкелген.

Есірткінің заңсыз айналымы ісі бойынша екі адам ұсталды, тағы бірнеше адам тергеуде, соның ішінде Ауғанстан азаматтары.

Қылмыстық сараптама тәркіленген есірткінің нақты құнын әлі анықтаған жоқ. Тінтулер басқа қалаларда, соның ішінде Дели, Ахмадабад және Ченнайда жүргізілді.

БҰҰ -ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының мәліметі бойынша, Ауғанстан әлемдегі героин мен апиаттың ең ірі өндірушісі болып табылады, ол барлық жеткізілімдердің 80% -ын құрайды.

Өткен жылы елдегі көкнәр егу алқабы 37% — ға ұлғайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *