Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Түркістан облысында қызметтік ит есірткі алып өтпек болған шетелдікті ұстауға көмектесті

ТҮРКІСТАН, 24 қыркүйек. Белка қызметтік иті шекарадан есірткі алып өтпек болған Өзбекстан азаматын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш АПБ-нің полицейлері шекара бекеті қызметкерлерімен бірлесіп, түрлі заңсыздыққа жол бермеу мақсатында рейдтік жұмыстарын тұрақты жүргізіп отырады. Осындай кезекті жұмыс күнінде ӨР-нан ҚР-на өтіп жатқан азамат күмән тудырып, Белка қызметтік иті белгі береді. Содан тексеру кезінде күдікті азаматтың қалтасынан полиэтилен пакетке оралған, ерекше хош иісі бар есірткі затына ұқсас зат табылады. Белгілі болғандай күмән тудырған ер азамат Өзбекстан Республикасының азаматы болып шықты. Ол қалтасындағы есірткімен Қазақстан Республикасына өтпек болған.

Аталған жайт ҚК 286-бабы (Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы) бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сараптама тағайындалып, оның қорытындысына сәйкес зерттеуге ұсынылған зат “кептірілген марихуана” екені анықталды. Жалпы салмағы 1 граммнан асады.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *