Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Нұр-Сұлтанда үш орта білім мекемелеріне миналау туралы  жалған хабарламалар келді

НҰР-СҰЛТАН, 11 қазан. Әлеуметтік желілерде Нұр-Сұлтандағы бірнеше мектептің маңында түсірілген видеолар жарияланды. Роликтерден білім мекемелерінің жанындағы қоршауды, сондай-ақ жедел жәрдем көліктерін көруге болады, деп Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

Полицияның мәліметінше, елорда білім беру мекемелеріне бомба қойылғаны туралы хабар келіп түскен. Тексерістен кейін хабарламалардың жалған екені анықталды.

«102» каналына белгісіз біреулер Нұр-Сұлтандағы орта мектептердің электронды мекенжайына жарылғыш заттар қойылғаны туралы хаттар жібергенін хабарлады», — деп түсіндірді полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Әңгіме үш мектеп туралы болып отыр: №16, 72, 37.

Полицейлер оқиға орнына барып, ақпаратты тексерді.

«Жарылғыш заттар табылған жоқ. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр», — дейді полицейлер.

Полиция департаменті жарылғыш зат туралы жалған хабар бергендер қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еске салды. Сондай-ақ азаматтардан үрей туғызбауды және мессенджерлерде жалған хабарламалар жібермеуді өтінді.

Естеріңізге сала кетейік, 1 қыркүйекте белгісіз біреу Ақтөбедегі сегіз мектептегі салтанатты сап түзеу іс-шарасын тоқтатқан болатын. Екінші күні ол қайтадан сабақты бұзып, дүрбелең тудыруға тырысты.

Қаланың жедел құтқару қызметтері барлық нысанды мұқият тексергеннен кейін хабарламаның жалған екені белгілі болды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *