Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

НҰР-СҰЛТАН, 12 қазан. Ирак әскері ДАИШ террористік тобы (Ислам мемлекеті — Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйым) жетекшілерінің бірін ұстады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz  Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап. 

Бұл туралы Ирактың премьер-министрі Мұстафа әл-Казыми мәлімдеді. Оның сөзінше, арнайы операция елден тыс жерде жүргізілген.

«Біздің ISF (Ирак қауіпсіздік күштері) әскери күштері сайлау қауіпсіздігін қамтамасыз етуге күш салып жатқанда, INIS (Ирак Ұлттық барлау қызметтері) Сами Жасимді ұстау бойынша күрделі сыртқы операция жүргізді», — деп жазды ол Twitter-де.

Арнайы операция қалай өткені хабарланбады.

Басылым мәліметінше, Жасим террористік топ ішінде қаржыны басқарған және ол АҚШ үкіметі іздеуіндегі ең қауіпті лаңкестердің бірі. 2015 жылы АҚШ билігі оны ұстаған адамға 5 миллион доллар беруге уәде еткені де жазылды.

«2014 жылы оңтүстік Мосуледе ДАИШ орынбасары ретінде Жасим мұнай, газ, ежелгі заттар мен минералдарды заңсыз сатудан түскен кірістерді бақылай отырып қаржы министріне балама функцияларды атқарған», — делінген Федералды тергеу бюросы хабарламасында.

Сонымен қатар, Жасим 2019 жылы Сирияның солтүстік-батысында америкалықтардың қолынан қайтыс болған ұйым жетекшісі Әбу Бәкір әл-Бағдадидің көмекшісі болғаны айтылады.

Бұған дейін тәліптер Кабулда ДАИШ лаңкестерінің бір тобы жойылғанын хабарлаған еді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *