Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қазақстанда терроризм үшін өлім жазасын алып тастау жоспарлануда

НҰР-СҰЛТАН, 13 қазан.Бүгін Мәжіліс депутаттары еліміздің Қылмыстық кодексіне өлім жазасы мәселелеріне қатысты Заң жобасын қарады. Енді өлім жазасы тек соғыс уақытында қолданылады, деп Express Qazaqstan-ға сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  хабарлайды.

Тәуелсіздік жылдары өлім жазасы 26 аса ауыр қылмыс үшін тағайындалған еді. Кейін 2014 жылғы Қылмыстық кодексте өлім жазасы тек 17 бапта қалды. Ал 2003 жылы Елбасы өлім жазасына мерзімсіз мораторий енгізді.

«Өлім жазасын жоюға бағытталған маңызды актілердің бірі — Екінші факультаттивтік хаттама. Оны Қазақстан осы жылдың қаңтарында ратификациялады. Хаттама өлім жазасын жою үшін барлық шараны қабылдауға міндеттейді. Еліміз осы шартты басшылыққа алып, кейбір ескертпемен ратификациялады. Ол ескертпеге сәйкес, өлім жазасы соғыс уақытында жасалған әскери сипаттағы аса ауыр қылмыстар үшін ғана қолданылады», — дейді Әсет Шындалиев.

Осылайша елімізде өлім жазасы Қылмыстық кодекстің 13 бабынан алынып, тек 4 бабында сақталды. Күшін жойған баптың арасында терроризм қылмысы да бар. Яғни, елімізде терроризм үшін өлім жазасы болмайды.

«Терроризм қылмысы бойынша өмір бойы бас бостандығынан айыру сияқты жаза түрі сақталады. Адамға кешірілім жасалмаса, ол өмір бойы түрмеде отырады. Біздің ойымызша, бұл да өте ауыр жаза»,— деп атап өтті Бас прокурордың орынбасары.

Оның айтуынша, өлім жазасын алып тастау мұндай қылмыстардың көбеюіне немесе азаюына әсері туралы нақты пікір жоқ. Сондықтан лауңкестік үшін өлім жазасы алынып тасталғанымен, өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы сақталады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *