Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

 Ауғанстан мешітіндегі жарылысты «ДАИШ» өз мойнына алды

НҰР-СҰЛТАН, 16 қазан. Ауғанстанда мешіттегі жарылысты «ДАИШ» өз мойнына алды, деп хабарлайды Хабар 24.

Қандағарда болған жарылыс – Ирак және Левант лаңкестік ұйымының ісі.  Экстремистер жанкештілердің аты-жөні мен суретін жариялады. Жарылыс кеше жұма намазы кезінде болған еді. 2 лаңкес күзетшілерді атып өлтіріп, ішке басып кірген. Соңғы мәлімет бойынша, шабуылдан қаза тапқандар саны 50 адамға жуықтады. Ондаған кісі жарақат алған. Бұл – Ауғанстанда АҚШ әскері кеткен соң болған ең қанды оқиға.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *