Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Жыл басынан бері Түркістан облысында заңсыз айналымнан 5 тоннадан астам есірткі заттары алынды

ТҮРКІСТАН, 18 қазан. Түркістан облысында жыл басынан бері заңсыз айналымнан бес тоннадан астам есірткі заттары алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әр аптаның жұма күні Түркістан облысы Полиция департаменті ғимаратында брифинг өткізіледі. Аталған іс-шара ПД-ның Instagram және Facebook ресми парақшаларында тікелей эфир арқылы жүзеге асырылады. Бұл аптадағы брифингте “Есірткі қылмысына қарсы күрес туралы” тақырып көтеріліп, атқарылған жұмыстар айтылды. Ал спикер ретінде Түркістан облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Алтынбек Әмірбеков қатысты.

 – Ғасыр дерті саналатын қылмыстың осы түрімен күресте департаменттің салалық қызметкерлерімен бірге, аудандық полиция бөліністерімен жыл басынан бері біршама жұмыстар жүргізілді. Заңсыз айналымнан бес тоннадан астам есірткі заттары тәркіленді. Сондай-ақ 340 граффити жазбалары өшірілген. Қоғамдық денсаулық басқармасының қызметкерлерімен облыс аумағында орналасқан ойын-сауық орындары мен түнгі клубтарда жастар арасында есірткі заттарын сақтау, сату, тұтыну деректерін анықтау, алдын алу мақсатында 17 рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды. “Дәрмек” іс-шарасы аясында 31 жайт анықталып, ұсталғандарға қатысты жауапкершіліктері қаралды. Жалпы ағымдағы жылдың тоғыз айында есірткіге қатысты 162 қылмыс, 161 есірткі теріс қылықтары және 16 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде есірткі сату қылмысы 55, аса ірі көлемде есірткі затын сақтау 19, есірткі контрабандасы 25, есірткі затын насихаттау және заңсыз жарнамалау бойынша екі дерек, есірткі өсімдігін егудің 61 дерегі анықталған. Сөз соңында айтарым, психикаға тікелей әсер етіп, одан әрі адам ағзасын құртып жіберуге әкелетін есірткі заттарына мүлдем жоламаңыздар. Егер заңмен тыйым салынған есірткіге қатысты қандай да бір қылмыс жасаған болсаңыз, қылмыстық кодекске сәйкес заң алдында ең ауыр қылмыстық жауапкершілікке тартыласыз. Сондықтан салауатты өмір салтын ұстаныңыз!, – деп атап өтті полиция полковнигі А.Әмірбеков.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *