Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Тәжікстанның оңтүстігінде ҰҚШҰ-ға мүше елдер әскерлерінің оқу-жаттығуы басталды

НҰР-СҰЛТАН, 18 қазан.  Тәжікстанда 18 қазанда Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) бірлескен жедел-стратегиялық оқу-жаттығуы басталды. Бұл туралы ҰҚШҰ ресми сайтына сілтеме жасап Анадолу агенттігі хабарлады.Бұл туралы «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

2021 жылдың 18-23 қазаны аралығында Орталық Азия аймағында «Мызғымас бауырластық-2021» оқу-жаттығуы аясында «Эшелон-2021», «Іздеу-2021» арнайы жаттығулары мен «Өзара іс-қимыл-2021» бірлескен жаттығуы өтеді. Хабарламаға сәйкес шараға 4 000 адам мен 500-ден астам техника жұмылдырады.

Жаттығулар Тәжікстан Қарулы Күштерінің «Момирак» пен «Харбмайдон» полигонында өтеді.

ҰҚШҰ әскерлерінің (ұжымдық күштерінің) тобы ұйымға мүше мемлекеттің аумағына халықаралық террористік ұйымдардың содырларының кіру әрекеттеріне байланысты шекара маңындағы қарулы қақтығысты оқшаулау жөніндегі бірлескен операцияны дайындау және өткізу жөніндегі міндеттерді пысықтайтын болады.

Оқу-жаттығудың басты міндеттері ҰҚШҰ әскерлерін (ұжымдық күштерді) басқару жүйесін жетілдіру, басқару органдары мен бөлімшелерінің үйлесімділігін арттыру, сондай-ақ ұйымның ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарының жедел үйлесімділігіне қол жеткізу болып табылады.

Оқу – жаттығуларға қазіргі заманғы қару-жарақпен және әскери (арнайы) техникамен жарақтандырылған ұтқыр құрамалар мен тұрақты әзірліктегі әскери бөлімдерден, ҰҚШҰ Біріккен штабының және Хатшылығынын жедел топтарынан, ішкі істер органдарының (полиция) арнайы бөлімшелері, қауіпсіздік органдары мен арнайы қызметтер қатарынан арнайы мақсаттағы күштер құралымдарынан, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою саласындағы уәкілетті органдардан тұратын ұйымға мүше мемлекеттердің әскери контингенттерінің қатысуы жоспарлануда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *