Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Дамаск қаласында әскери автобусқа жасалған шабуылда 14 адам қаза болды

НҰР-СҰЛТАН, 20 қазан. Автобус сәрсенбі күні Дамаск қаласындағы президенттік көпірге орнатылған екі минаға жарылды.  Бұл туралы SANA агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

Алынған ақпаратқа сәйкес, жарылғыш құрылғыларды лаңкес іске қосқан. Сириялық 13 сарбаз қаза тауып, тағы үшеуі жараланды.

Кейінірек зардап шеккендердің саны 14 адамға дейін артқаны белгілі болды.

«Сәрсенбі күні таңғы сағат 06:45 шамасында Дамасктегі Джиср әл-Раис маңында әскери автобус өтіп бара жатқанда, автобусқа алдын ала бекітілген екі жарылғыш зат жарылып, он төрт шәһид қаза болып, басқалары жараланды», — деп хабарлады әскери дерек көзі.

Оқиға орнына келген саперлер жақын маңда орнатылған тағы бір минаны залалсыздандырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *