Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Жамбыл облысының полицейлері бір келіден астам гашиш пен 30 келіден  астам марихуана тәркіледі

ТАРАЗ, 21 қазан. Жамбылда есірткі дайындаумен және өткізумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

18 қазанда республикалық “Қарасора-2021” жедел алдын алу іс-шарасы, сондай-ақ “Рефлекс-2021” өңірлік операциясын өткізу барысында Жамбыл облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының және Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері бірлескен арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Жамбыл облысының аумағында “марихуана” есірткі құралын дайындаумен және оны республикамыздың басқа өңірлеріне өткізумен айналысатын адамдар тобына қатысты жедел ақпарат жүзеге асырылды.

Жүргізілген тергеу әрекеттерінің нәтижелері бойынша 39 және 51 жас аралығындағы барлығы 5 күдікті анықталды. Аталған ер адамдардың төртеуі

– Байзақ ауданының тұрғындары, біреуі Тараз қаласынан. – Олардың тұрғылықты жері бойынша, сондай-ақ күдіктілердің бірінің өндірістік базасына тінту жасап, бір мезгілде жүргізілген ұстау операциясы барысында жалпы салмағы 1 келіден астам гашиш, 30 келіден асатын марихуана есірткі заттары, өсірілген каннабис өсімдігінің бұталары, илеуіш құралы және гашиш өндіруге арналған басқа да құрылғылар, сондай-ақ тіркелмеген 2 тегіс ұңғылы мылтық, 25 аңшылық және 16 травматикалық патрондар тәркіленді. Қазіргі уақытта ұсталғандардың барлығы өз кінәларын мойындап, Тараз қаласы Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Аталған қылмыстық іс бойынша Жамбыл облысы ПД ЕҚҚІБ және ТБ тәжірибелі қызметкерлерінен тергеу-жедел тобы құрылды, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, – деп атап өтті ПД ЕҚҚІБ бастығы Асқар Жұмабеков.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *