Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Жамбыл облысының полицейлері ірі көлемде есірткі тәркіледі

ТАРАЗ, 22 қазан. Жамбыл облысында көлік полицейлері есірткінің ірі партиясын тәркіледі, — деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шу станциясында көлік полициясы қызметкерлері «Қарасора – 2021» жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында Жамбыл облысының 54 жастағы тұрғынын ұстады. Ер адамнан 26,5 келі «марихуана» есірткісі тәркіленді.

Анықталған есірткі партиясы өте үлкен мөлшерге жатады. Ұсталған адам «Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды өткізу мақсатынсыз аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау» бабы бойынша жауапқа тартылады. Күдікті қамауға алынды.

«Жыл басынан бері Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері есірткі заттарының заңсыз айналымына байланысты 331 қылмыстық құқық бұзушылықты анықтады. Заңсыз айналымнан 158 келіден астам түрлі есірткі құралдарын тәркіледі»,-делінген ведомство хабарламасында.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *