Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Көкшетауда синтетикалық есірткі жасырып жүрген ерлі-зайыптылар ұсталды

КӨКШЕТАУ, 28 қазан. Ұсталғандарда есірткі салынған барлығы 30 түйіншек табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Көкшетау қаласының Теміржолшылар паркі ауданында есірткі қойып кетумен айналысқан 24 жастағы ер адамды және оның 22 жастағы сүйіктісін ұстады.

Қыз бен жігіт есірткінің кезекті партиясын жасыру орнын ұйымдастыру кезінде ұсталды. Ер адамды жеке тінту кезінде белгісіз зат салынған 27 пакет табылды және тәркіленді (болжам бойынша “а-PVP пировалеронының құрылымдық аналогы синтетикалық есірткісі). Қыздан есірткі салынған орынды суретке түсіру және геолокация түрінде орналасу орнын жіберу кезінде қолданылатын телефон тәркіленді. Сондай-ақ, саябақ аумағын тексеру барысында ұсталғандар өздері салып үлгерген есірткі жасырылған орындарды көрсетті, осыған ұқсас 3 түйіншек тәркіленді.

– Ұсталғандар көрші облыстан келіп, жақында есірткі жасырушы болып жұмысқа орналасқанын, интернет арқылы хабар алысқан белгісіз адамнан есірткі алғанын айтты. Олар бар болғаны 10 күн жұмыс істеп, құқық қорғау органдарының қолына түсті, – деп атап өтті Ақмола облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мейрам Жапбасов. Ұсталғандарға қатысты ҚР ҚК 296-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *