Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Алматы полицейлері «мефедрон» есірткісін сатып жүрген жас жігітті ұстады

АЛМАТЫ, 09 қараша.Алматыда «мефедрон» сатқан 24 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жедел-іздестіру шарасы барысында Алматы қаласының полицейлері психотроптық заттарды заңсыз сақтады деген күдікпен 24 жастағы А. есімді азаматты ұстады.

Оның тұрғылықты жерін тінту кезінде ақ түсті ұнтақ заты бар полиэтилен пакеттері мен қағаз пакеттері анықталып, тәркіленді.

Бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар мен сол тектестерге сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Қорытындыға сәйкес тәркіленген заттар «мефедрон» психотроптық заты болып шықты.

«Осы қылмыстық іс аясында жүргізілген қосымша жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Наурызбай ауданының аумағынан есірткі салынған тағы 40 полиэтилен пакеті табылды. Алматыда шөптің жеткізу арнасы анықталып жатыр», – деп түйіндеді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *