Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

СҚО-да террористік тұрғыдан осал нысандардың бес басшысына айыппұл салынды

ПЕТРОПАВЛ, 11 қараша. Солтүстік Қазақстан облысында террористік тұрғыдан осал объектілердің бес басшысына айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері террористік тұрғыдан осал объектілердің басшыларымен және қызметшілерімен ұдайы негізде сабақтар өткізіп тұрады. Кезекті жұмыс кездесуін полицейлер медицина мекемелерімен бейнеконференция форматында өткізді. Іс-шара ҰҚК Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің Терроризмге қарсы орталығымен бірлесе ұйымдастырылды.

Денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлеріне ТТО объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын реттейтін заңнама нормалары туралы, дағдарыс жағдайы туындаған кездегі қызметкерлердің іс-қимылдары туралы айтты. Басшылар “дабыл тетіктері”, қызметкерлерді хабардар ету жүйесі, бейнебақылау туралы нақты мәселелерді көтеріп, конференция барысында толық жауап алды.

– ТТО объектілердің қорғалуы СҚО ПД басшылығының тұрақты бақылауында. Жыл басынан осындай 76 сабақ өткіздік және 6,5 мыңнан астам ТТО объектілердің басшылары және қызметкерлерімен ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілді. Маңызды сәттер: әлемдік тәжірибе көрсеткендей, дағдарыс жағдайларының ойдағыдай аяқталуы көбіне қорғалудың заманауи техникалық талаптары және қызметкердің іс-әрекетіне байланысты болады, – дейді СҚО ПД ЭҚІҚБ бастығы Руслан Жарасбаев.

Сонымен қатар, Руслан Жарасбаев жыл басынан терроризмге қарсы қорғау талаптарын бұзғаны үшін ТТО объектілердің бес басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын айтты. 600 мың теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *