Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

СҚО полицейлері синтетикалық есірткілерден туындайтын проблемалар жайлы баяндайтын фильм түсірді

ПЕТРОПАВЛ, 12 қараша. Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері есірткіге қарсы күрес мақсатында фильм түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО полицейлері “Соли и спайсы. Дорога в никуда” деп аталатын есірткіге қарсы күрес туралы фильмнің екінші бөлімін түсірді. Деректі жоба синтетикалық есірткілерден туындайтын проблемалар жайлы баяндайды. Үш жыл бұрын түсірілген алғашқы фильм қылмыс әлемі жастарды есірткіге тәуелді етудің жаңа түрлеріне тартатыны жайлы көптеген адамдар үшін негізгі объективті ақпарат көзі болды. Ол YouTube хостингінде 600 мыңнан аса қаралым жинаған. Бұдан бөлек, полицейлер профилактикалық жұмыс барысында білім беру мекемелерінің оқушыларына фильмді көрсетті. Есірткі қылмысына қарсы күрес ісінде айтарлықтай өзгеріс байқалды, ол жайлы фильмнің екінші бөлігінде сөз болады.

Заңнамадағы өзгерістер батыл шешім болды, ол “синтетиканың” жаңа түрлерін тыйым салынған заттардың тізіміне енгізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ Қылмыстық кодекске есірткіні жарнамалағаны үшін жауапкершілік енгізілді, есірткі граффити авторлары бұрын бұзақылық үшін жауапқа тартылса, енді оларға нақты жаза қарастырылған. Полицейлерде синтетикалық есірткіні өндірушілермен және таратушылармен күресуге қажетті барлық құқықтық құжаттар бар. Тек, 2021 жылдың өзінде облыста жеті есірткі зертханасы жойылды, оның үшеуі “синтетикалық есірткі” өндірумен айналысқан. Тұз бен спайс сататын 13 интернет-дүкен жабылды, есірткіні өткізумен айналысқан 24 адам ұсталды. Заңсыз айналымнан төрт келіден астам “синтетикалық есірткі” алынды, бұл мыңдаған бір реттік доза болып табылады. Петропавлдың орталық көшелеріндегі үйлердің қабырғаларының сиқын кетірген есірткі граффитилері жойылды.

– Түсірілім мен монтажды “QZ media” командасы жоғары кәсіби деңгейде орындап шықты. “Green help” үкіметтік емес ұйымы демеушілік жасады. Көрермендерді құнды материал күтуде: нашақорлардың тағдыры, қылмыскерлерді ұстау, жедел түсірілімдер. Ата-аналар жасөспірімдердің қауіпті іспен айналысатынын қалай анықтауға болатыны жайлы кеңес алады. Жастар дизайнерлік есірткі қолданған адамдардың барар жері жансақтау бөлімі екендігіне көз жеткізетіндігіне және бас бостандығынан айыру орнындағы есірткі жасырушының тағдыры жайлы тыңдап, ойланады деген сенімдеміз, – дейді СҚО ПД бастығының орынбасары Руслан Назаров.

Бүгінгі таңда фильмді YouTube-тан көруге болады, алдағы уақытта полицейлер оны профилактикалық жұмыста пайдаланатын болады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *