Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қазақстан қалаларында Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовты еске алу рәсімі  өтуде

АЛМАТЫ, 12 қараша. Алматыда Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовты еске алу рәсімі өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2011 жылдың 12 қарашасы Қазақстан полициясының тарихына қарулы қылмыскердің жолын кескен “Халық хақарманы”  Ғазиз Байтасов Әбдібекұлының қаза болған күні ретінде енді. Гранатамен өзін-өзі жарып жіберген жанкештілерді өз кеудесімен жауып, өзінің өмірін қиып, азаматтарды өлімнен қорғады.

Ғазиз Байтасовтың ерлігіне орай бүгін ПД-де қызметтік борышын өтеу барысында қаза тапқан полиция қызметкерлерінің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Тәртіп сақшылары заманымыздың қаһарманын бір минут үнсіздікпен еске алды.

Оның ерлігі әрбір полиция қызметкерінің жүрегінде мәңгі сақталады!

Қарағанды облысының полиция департаментінде және аумақтық бөліністерінде, сондай-ақ,   Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовты еске алу күніне арналған іс-шара өтті.

12 қарашада Қарағанды облысының ПД және аумақтық бөліністерінің қызметкерлері жұмыс күнін бір минут үнсіздікпен бастады. Тәртіп сақшылары “Халық қаһарманы” полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың рухына тағзым етіп, қаза тапқан қызметкерлердің мемориалына гүл шоқтарын қою рәсімі өткізді.

– Полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың ерлігі – патриотизмнің, Қазақстан халқына аянбай қызмет етудің жарқын үлгісі. Оның есімі біздің жадымызда мәңгі сақталады, – деді Қарағанды облысының ПД бастығының орынбасары Құрманғали Ысмағұлов.

2011 жылдың 12 қарашасында Жамбыл облысы ІІД жол полициясы жеке батальонының взвод командирі полиция капитаны Ғ.Байтасов Тараз қаласының орталығында оқ атқан лаңкестің ізіне түскен. Полиция қызметкері алған оқ жарақатына қарамастан, адам көп жиналатын жерде өзін-өзі жарып жібермек болған қылмыскерге жетіп, гранатаны кеудесімен жауып үлгерді. Осылайша, азаматтарды ажалдан аман алып қалды.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше қызметі, қызметтік борышын атқару кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін Ғазиз Байтасовқа қайтыс болғаннан кейін “Халық қаһарманы” атағы берілді.

Еске алу рәсімдері Қазақстанның басқа қалаларында да өтті.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *