Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Сомали астанасында болған шабуылда 3 кісі қаза тапты

НҰР-СҰЛТАН, 13 қараша. Могадишодағы Вилла Байдоа әскери штабы маңында әскери көлікке жасалған шабуылда 3 кісі қаза тапты, деп TRT агенттігі хабарлайды. 

Сомалидің бас қаласы Могадишода жанкешті шабуылшының Африка Одағы Сомали күшінің көлігіне жасаған шабуылында кемінде 3 кісі қаза тапты.

Полиция басшысы Абдифетах Хасан Могадишодағы Вилла Байдоа әскери штабы маңында әскери көліктің нысанаға алынғанын айтты.

Жанкешті шабуылда 3 кісі қаза тапқанын және көптеген адамның жараланғанын айтқан Хасан  бұл адамдар арасында Африка Одағы Сомали күшінің қызметкерлері бар-жоқтығы анық емес екенін білдірді.

Куәгерлер ауруханаға жеткізілу алдында оқиға болған жерде көптеген адамның жерде жатқанын көргенін айтты.

Жанкешті шабуылды әлі ешкім мойнына алмады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *