Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Тәжікстанда прокуратура Ауғанстаннан Орталық Азияға есірткі тасымалдаумен айналысып келген топ мүшелеріне 30 жылға дейін жаза сұрады

НҰР-СҰЛТАН, 15 қараша. Тәжікстанның бас прокуратурасы соттан жарты тонна есірткімен ұсталған трансұлттық қылмыстық топтың мүшелеріне 20 жылдан 30 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын сұрады, деп Орталық Азия жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

Бұл топтың ұйымдастырушысы — Душанбе тұғыны Азизулло Абдуллоев. Ол «Азизи хонасоз» лақап атымен танымал. Қылмыстық топтың ішінде өзбек азаматтары да бар. Ұсталғандардың арасында кезінде халықаралық іздеуде жүрген азаматтар да болған.

Қылмыстық топтың өкілдері биыл шілде айында Құрбан айт кезінде ұсталған. Олардан 473 келі есірткі табылған. Ұсталғандар ұзақ уақыт бойында Ауғанстаннан Орталық Азияға арқылы Еуропаға есірткі тасымалдаумен айналысып келген.

Ұсталғандардың бірінің адвокаты Зоиршо Давлатёров Озоди радиосына айыпталушылардың ешқайсысы кінәсін мойнына алмады деп мәлімдеді. Олар есірткі тасымалымен айналысып келгенін жоққа шығарған. Адвокат тергеу кезінде олардың азапталғанын айтады.

Бұл іс бойынша сот үкімі келесі аптада жарияланады деп күтіледі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *