Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Оңтүстік Кореяда құны 22,9 млн долларлық есірткі тәркіленді

НҰР-СҰЛТАН, 19 қараша. Оңтүстік-Шығыс Азияда тыйым салынған есірткіні контрабандалық жолмен елге таратты деп айыпталған 26 адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат YONHAP ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Полиция сонда-ақ есірткі саудалаушылардан есірткі сатып алған 45 адамды ұстады. Күдікке ілінген 71 адамның 22-сі ресми түрде қамауға алынған.

Контрабанда дилерлері өткен жылдың мамыры мен тамыз айының арасында Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен Оңтүстік Кореяға метамфетамин, синтетикалық каннабиоидтер және есірткінің басқа түрлерін жеткізгені анықталған. Есірткі тасымалдаушылары оларды елге кеден арқылы өткенде көлік құралдары компоненттерінің ішіне жасырып кіргізген.

Олар есірткіні әдетте бүкіл ел, соның ішінде Сеул, Инчхон және Кёнги мен Чхунчхон провинцияларында адам аяғы баспайтын жерлерде жасырған. Полицияның ақпаратынша, сатып алушыларға оларды қайдан таба алатыны туралы ақпаратты әлеуметтік желі арқылы беріп отырған.

Полиция сондай-ақ құны 27 миллиард вонаға жуық (22,9 миллион АҚШ доллары) есірткіні тәркіледі.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *