Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

ҚР ҰҚК жауынгерлік қанаты: Кәрім Мәсімов «А» арнайы мақсаттағы қызметінің қызметкерлерін құттықтады

НҰР-СҰЛТАН, 22 қараша. 22 қарашада Қазақстан Республикасы ҰҚК Төрағасы  генерал-лейтенант Кәрім Мәсімов «А» арнайы мақсаттағы қызметінің құрылғанына 5 жыл толуына арналған салтанатты іс-шара өткізді, деп ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлайды.

Төраға ардагерлерді, қызметкерлер мен офицерлердің отбасы мүшелерін құттықтап, барлығына мықты денсаулық және Отан игілігі жолындағы күрделі қызметте жетістіктер тіледі.

Ол «А» қызметінің қызметкерлері» – еркі мұқалмайтын өжет әрі батыл адамдар, нағыз патриоттар екенін, олар ұлттық қауіпсіздік қауіп-қатеріне жедел ден қою үшін ұдайы жауынгерлік әзірлікте тұрғанын атап өтті. Қызмет офицері болу құқығына тек дене күші, психологиялық және интеллектуалдық көрсеткіштері бойынша қатаң іріктеуден өткен әскери қызметшілер ғана ие.

Анықтама: «А» арнайы мақсаттағы қызметі 2016 жылғы 22 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен құрылған.

Бөлімше аты аңызға айналған Қазақстан Республикасы ҰҚК «Арыстан» қызметінің құқықтық мирасқоры болып табылады және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «жауынгерлік қанаты» саналады.

Оның негізгі міндеті терроризмге қарсы күрес және ұлттық қауіпсіздік органдарының жедел іс-шараларын күшпен қолдау болып табылады.

Арнайы мақсаттағы бөлімше жаңа үлгідегі қару-жарақпен және озық техникамен жабдықталған, жауынгерлер ең күрделі міндеттерді орындау үшін арнайы даярлықтан артық жүктеме жағдайында өтеді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *