Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Түркия Интерполдан террористерді тапсырып беру мәселесіндегі белсенді қолдауды күтеді

НҰР-СҰЛТАН, 23 қараша. Халықаралық Полиция Ұйымы (Interpol) 89-шы Жалпы кеңес жиналысы Стамбулда басталды. Ердоған Interpol жалпы кеңес жиналасына видеолы жолдама жіберді, деп TRT агенттігі хабарлайды. 

Президент Режеп Тайып Ердоған Фетуллахшы террор ұйымы қолдаушылары мен бөлшектеуші террор ұйымы басшыларының Түркияға тапсырып берілуі тақырыбында басқа елдерден  селбестік күткендерін білдірді.

Халықаралық Полиция Ұйымы (Interpol) 89-шы Жалпы кеңес жиналысы Стамбулда басталды.

Халич Конгресс орталығындағы беташар рәсіміне Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу да қатысты.

Президент Режеп Тайып Ердоған жиналасқа видео арқылы жолдама жіберді.

Президент Ердоған «Фетуллахшы террор ұйымы мен бөлшектеуші террор ұйымы басшыларының елімізге қайтарып берілуі тақырыбында селбесуді күтеміз. 2016 жылы 15 шілде күнгі төңкеріс әрекетімен демократияға зиян тигізген, әйел, бала, қарт және мемлекет қызметкеріне қарамай барлық бейуаз халықты қырғындаған террористтердің емін-еркін ойран салуына рұқсат берілмеуі керек» деп көрсетті.

Биылғы жылғы жалпы кеңес жиналысына министрлер, министр орынбасарлары, кеңесшілер, халықаралық ұйым өкілдері деңгейінде 160-тан астам елдің өкілдері қатысты.

Жалпы кеңес аясында Interpol төрағасы, төрағасының орынбасарлары және атқару комитеті мүшелері де Стамбулда өткізілетін сайлау арқылы белгіленеді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *