Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Семейде ерлікпен қаза тапқан батыр-шекарашы Раджан Батырқанов естелік медалімен марапатталды

СЕМЕЙ, 26 қараша. Жауынгер-интернационалист Раджан Батырқанов «Нұрмағамбетов Сағадат Кожахметұлы» естелік медалімен қаза тапқаннан кейін марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2021 жылдың 23 қарашасында Семей қаласында «Генералдар кеңесі» Республикалық қоғамдық бірлестігі тәжік-ауған шекарасындағы қарулы лаңкестермен қақтығыста батырлық көрсеткені үшін, өмірін сарп етіп, қызметтестерін құтқарғаны үшін жауынгер-интернационалист Раджан Батырқановты «Қазақстан Республикасының тұңғыш қорғаныс министрі, Халық Қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры, армия генералы – Нұрмағамбетов Сағадат Кожахметұлы» естелік медалімен қаза тапқаннан кейін марапаттады.

Сонымен бірге, ұйым атынан қаза болған батыр жанұясына 1 миллион теңге көлемінде материалды қолдау көрсетілді. «Перзентіңіздің ерлік ісі батырлықтың айқын мысалы болып табылады. Ол тек біздің елімізде ғана емес, шет елдерде де мойындалған. Раджан марапатталып отырған естелік медаль — Қазақстан Республикасының тұңғыш қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетов құрметіне аталған. Ол кісі де осындай жаста Кеңес Одағының Батыры атанды», — деді РҚБ президиумының төрағасы Махмұт Телегусов батырдың анасына естелік медальді табыстай отырып.

Облыстық Офицерлер үйінде өткен салтанатты шарада офицерлер, солдаттар және жас әскерге шақырушыларға Раджан Батырқановтың ерлік ісі ерекше әсер етті. Іс-шараны қорытындылай отырып, генерал-майор Телегусов «Әділдік Жолы» РҚБ алғыс білдірді. Ұйым осыған дейін қол қойылған меморандумға негізделіп, салтанатты басқосудың ұйымдастырылуы және өткізілуіне қолдау көрсетті.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *