Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ресейде соңғы бес жылда 900-ден астам жасырын есірткі зертханасы жойылды

НҰР-СҰЛТАН, 06 желтоқсан. Бес жыл ішінде полицейлер 900-ден астам астыртын есірткі зертханаларының қызметінің жолын кесті, сондай-ақ заңсыз заттар контрабандасының 6,7 мыңнан астам фактісін анықтады. Бұл туралы  Ресей ішкі істер министрлігінің баспасөз орталығына сілтеме жасап ТАСС хабарлады.

 «Соңғы бес жылда қылмыстық қауымдастықты (қылмыстық ұйымды) ұйымдастыруға байланысты есірткі қылмысына қатысты 390-нан астам қылмыс тергелді. Заңсыз заттар контрабандасының 6 700-ден астам фактісі анықталды, 900-ден астам астыртын есірткі зертханасы жойылды», — деп хабарлады баспасөз орталығы.

Сонымен қатар, Ішкі істер министрлігінде атап өткендей, ведомство тұрақты негізде есірткіге қарсы халықаралық «Канал» операциясын жүргізуде.

 «Оның нәтижелері бойынша тек соңғы бес жылдың ішінде Ресей Федерациясының құқық қорғау органдары шетел әріптестерімен бірлесіп 74 тоннадан астам есірткі түрлерінің заңсыз айналымға түсуіне жол бермеді», — деп толықтырды баспасөз орталығы.

6 желтоқсанда Ресей Ішкі істер министрлігі жүйесінде есірткіге қарсы күрес бөлімшелерінің құрылғанына 30 жыл толады .

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *