Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Астана форматындағы Сирия бойынша келіссөздер 21-22 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда өтеді

НҰР-СҰЛТАН, 07 желтоқсан. 21-22 желтоқсан күндері елордада Астана форматындағы Сирия жөнінде жоғары деңгейдегі кездесу өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кездесу 21-22 желтоқсан күндері офлайн форматында өтеді. Оған барлық тарап қатысатындығын растады», — деді ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Оның атап өтуінше, жүзбе-жүз кездесуге кепілгер елдер – Ресей, Түркия және Иран, сонымен қатар байқаушылар қатысатын болады.

Айта кетейік, Астана форматындағы Сирия бойынша 16-ші халықаралық кездесу осы жылың 8 шілдесінде өткен болатын. Кездесу қорытындысында Астана форматындағы келіссөздің кепілгер елдері Иран Ислам Республикасы, Ресей Федерациясы және Түркия Республикасының бірлескен мәлімдемесі қабылданған еді.

Онда: «Иордания, Ирак және Ливан делегацияларының, Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Халықаралық қызыл крест ұйымы өкілдерінің Астана форматындағы байқаушылар ретінде қатысуын ризашылықпен атап өттік. Қазақстан билігіне Нұр-Сұлтан қаласында Астана форматындағы Сирия бойынша 16-шы халықаралық кездесуді өткізгені үшін шынайы алғысымызды білдірдік», — делінген.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *