Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Колумбияның Кукута қаласының әуежайында екі жарылыс болды

НҰР-СҰЛТАН, 14 желтоқсан. Жарылыс Колумбияның солтүстік-шығысындағы Венесуэла шекарасындағы Кукута әуежайында болды, деп Caracol телеарнасына сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды. Бұл туралы «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.

 «Жойқын жарылыс салдарынан Кукута әуежайындағы рейстер тоқтатылды. Жарылыс бірнеше үйді зақымдады», — деп атап өтті арна.

Телеарнаның ақпараты бойынша, ұшып-қону жолағында жарылғыш заты бар ер адам байқалды.

Кейінірек Колумбияның Кукута әуежайында екінші жарылыс болып, екі полиция қызметкері қаза тапқаны хабарланды.

БАҚ-тың хабарлауынша, алғашқы төтенше жағдайдан кейін қауіпсіздік қызметкерлері детонацияланған күдікті қорапты тексеруге шешім қабылдады.

Екі тәртіп сақшысының қазасы туралы жергілікті билікке сілтеме жасап Tiempo газеті де жазады. Басылым оқиғаның артында лаңкестер тұрғанын хабарлайды. Алғашқы шабуыл кезінде содырлардың бірі жарылған.

Жергілікті билік жарылыстың артында лаңкестер тұрғанын мәлімдеді.

«Биліктің мәліметі бойынша, бірінші жарылыс нәтижесінде жарылғыш затпен әрекеттескен ер адам қаза тапты, екінші лаңкестік әрекеттің нәтижесінде екі полиция қызметкері қаза тапты», — деп жазады газет.

Кукута әуежайы Колумбияның солтүстік-шығысында Венесуэламен шекаралас орналасқан.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *